Астана қаласында AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумы өтуде. Биылғы шараның басты тақырыбы — жасанды интеллект саласындағы озық жетістіктер, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және венчурлық нарықты дамыту. Форум аясында панельдік сессиялар, озық IT-әзірлемелер көрмесі, сондай-ақ мамандар мен жас таланттарға арналған Job Fair карьералық аймағы жұмыс істейді. Шара барысында бірқатар маңызды меморандумдар мен келісімдерге қол қойылады деп күтілуде.
Астанада AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумы басталады
Астанада жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді талқылайтын ауқымды AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумы өз жұмысын бастайды.



